Түрік инвесторлары Жамбыл облысында ірі зауыттар салады
Облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек түрік серіктестерімен құжатқа қол қойды
Жамбыл облысында ірі зауыттар салу бойынша түрік инвесторларымен тиісті келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Анкараға (Түркия) сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Жамбыл облысында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды.
Сонымен қатар, форум аясында «TSUAB» тұқым өндірушілер мен өнеркәсіпшілер және «TUKIB» түрік және қазақстандық бизнесмендер қауымдастықтары арасында тұқым шаруашылығы және инвестициялар тарту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Айта кетейік, «Ardent Plastik A.S.» Түркиядағы жетекші компанияның бірі. Жоғары сапалы суару өнімдерін, соның ішінде жаңбырлату жүйелерін, тамшылатып суару құбырларын, пластикалық құбырлардың бірнеше түрін шығарады. Компания 1979 жылы құрылған, өнімдерін 35-тен астам халықаралық нарыққа шығарады. «Atlantis» компаниясы 1998 жылы Ыстанбұлда құрылған.
Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізге шетелдік инвестициялар тартуды арттырып, инвестициялық климатты жақсарта беруді тапсырған еді.