сенбі, 5 қазан, 2024 4:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрікменстан нарығына шығаруға болатын қазақстандық тауар тізімі әзірленді - Тоқаев

Түрікменстан нарығына шығаруға болатын қазақстандық тауар тізімі әзірленді - Тоқаев
ашық дереккөзі
Түрікменстан нарығына шығаруға болатын қазақстандық тауар тізімі әзірленді - Тоқаев
Түрікменстан нарығына шығаруға болатын қазақстандық тауар тізімі әзірленді. Бұл туралы Ақордада Түрікменстан Президентімен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Сауда-экономикалық өзара іс-қимылға келетін болсақ, біз бүгін бірлескен күш-жігер арқылы көлемді қалай арттыруға болатыны туралы әңгімелестік. Мен Түрікменстан нарығына шығуы мүмкін тауарлардың тізімі дайындалғанын айттым»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының атап өтуінше, екі елдің арасындағы тауар айналымына айтарлықтай арттыра түсуге мүмкіндік бар. «Екі елдің тиісті министрліктері келіссөздерге кірісіп, тараптардың келісімімен қажетті нәтижеге қол жеткізуі тиіс деп санаймын. Қазір сауда көлемі біз қалағандай қомақты емес. Сондықтан, өзара сауданы 1 млрд долларға жеткізуге ұмтылуымыз әбден мүмкін. Басқаша айтар болсақ, әлеует таусылған жоқ», - деді ҚР Президенті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар