Жамбыл жаңалықтар
Түркістанды түркі әлемінің астанасы деп жариялау ұсынылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 мамыр, 2022
- 183
Түркістанды түркі әлемінің астанасы деп жариялау ұсынылды
Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Түркістанды түркі әлемінің туристік астанасы деп жариялауды ұсынды.
«Ежелден Түркістан-барша түркі халықтарының ата жұрты, берекелі мекені әрі туған ошағы саналады. Біздің ата-бабаларымыз мұнда ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден рухани білім алып, түркі-ислам мәдениетін әлемге таратқаны белгілі. Түркілер кіші Азияға бет бұрған кезде, бұл құндылықтар тамырымызды сақтап қалуға көмектесті және бірлігіміздің негізіне айналды. Біздің мақсатымыз-түркі әлемін ХХІ ғасырдың маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық кеңістігіне айналдыру», - деді ол.
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің отырысында кезекті 8-ші отырыс 2023 жылы Түркістан қаласында өтеді деген шешім қабылданды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз