Түркияда шығарылатын жаңа Bayraktar әуеде 50 сағатқа дейін ұша алады
Түркияда шығарылатын жаңа Bayraktar әуеде 50 сағатқа дейін ұша алады
Ұшқышсыз басқарылатын Bayraktar TB3 жаңа аппараты әуеде басқаларына қарағанда ұзағырақ уақыт – 50 сағатқа дейін ұша алады. Сейсенбі күні T3 қорының басшысы Сельджук Байрактар Баку қаласында тілшілерге жаңа ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың шығарылуы туралы баяндап берді Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта қысқа ұшу-қону жолақтарында ұшып-қонатын Bayraktar TB-3 прототипін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Bayraktar TB3 алғашқы ұшуын 2022 жылдың басында жасайды деп үміттенеміз», - деді Байрактар. Оның айтуынша, жаңа Bayraktar TB3 ұшқышсыз ұшатын аппараттарын әзірлеуге Әзірбайжанның мамандары да қатысуда. T3 қорының басшысы Bayraktar TB-2-ні өз класындағы ең үздігі деп атады. «Қарабақты азат ету үшін жүргізілген соғыстың қорытындысы бойынша Түркияда жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарына қызығушылық күрт артты. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараттары ұрыс даласында ғана емес, өртті сөндіруге, жер сілкінісінің салдарын жоюға да көмектесе алады», - деді ол.