Жамбыл жаңалықтар

Түрмедегілер Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өлеңдерін дәріптеді

Олардың әрбірі ақын өлеңін жатқа білетінін айтады

Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінде ұлт ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай әдеби кеш өткізіліп, кемеңгер тұлғаның шығармашылығы дәріптелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мекеме басшылығының сөзінше, сотталушылар үшін рухани азық алатын, руханиятты кемелдендіретін іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Соның бірі -  бүгінгі Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ұйымдастырылған әдеби кеш. Мұнда түрмедегілер ақынның 20-дан аса өлеңін оқып, әр шумағы мен әр жолын тебірене талдады. Сонымен қатар, тәлім-тәрбие мен қастерлі ойдың тұнығы саналатын қара сөздерін алма-кезек оқып, мазмұнына мән берді. 

Мұнан кейін ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық-ай», «Қараңғы түнде тау қалқып», «Көзімнің қарасы», «Сегізаяқ» сынды әндері хормен айтылып, оған түзеу мекемесінің қызметкерлері де қосылды. Сотталушылар бұл үрдісті алдағы уақытта үзбей жалғастыруға ниетті. Мекеме басшылығына да Абай Құнанбайұлының шығармашылығына терең бойлай алуға себеп болып, керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс білдірді.