бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Т.Рысқұлов ауданында Құлан-Луговой бағытында қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады

Т.Рысқұлов ауданында Құлан-Луговой бағытында қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Т.Рысқұлов ауданында Құлан-Луговой бағытында қоғамдық көліктер өз жұмысын бастады
Т.Рысқұлов ауданында соңғы екі жылда шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі-қоғамдық көлік мәселесі болатын. Осы орайда бүгін ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша аталған бағытта қоғамдық көліктер қатынауын бастады.    width=  width= Осы мәселені жандандыру үшін «Концерн-Қазқұрылысcity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Айтжан Жақсылықұлы Жұмабековпен келісім шарт жасалып, аталған бағытта бүгіннен бастап 8 автобус қатынайтын болады. Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ақ тілектері мен ризашылықтарын жеткізді. Ауыл тұрғындарына қолайлы болу мақсатында төмендетілген бағада, яғни ересектерге 60 теңгеден, балаларға 30 теңгеден меже белгіленді. Жалпы екі ауылдық округтегі тұрғындар саны 30 мыңнан аса халықты құраса, оның 6 мыңға жуығы мектеп оқушылары болып табылады. Оқушылар мен колледж студенттерінің оқуларына қатынауы тиімді болатыны сөзсіз. Сыйымдылығы кең қоғамдық көліктер келесі кезекте келесі жыл басынан автобустар толығымен заманауи құрылғылармен автоматтандырылатын болады. Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар