Жамбыл жаңалықтар

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтардың және жалпы мемлекеттің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстары үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатындығы мәлім. Бүгінде елімізде аталған ауқымды шараны жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар мықтап қолға алынған. Атап айтқанда, ҚАЖ департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері тарапынан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға рақымшылық шарттарын түсіндіру жұмыстары қызу жүруде. Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде жиын өтіп, онда мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков, департаменттің арнайы есеп тобының бас маманы Назерке Бекталиева және облыстық прокуратураның 5-ші басқарма прокуроры А.Пешеков «Рақымшылық туралы» Заң жайлы толық түсінік беріп, оның аясында кімнің бостандыққа шыға алатынын нақты түсіндірді. Бұдан бөлек, жазасын өтеушілердің пікірлерін тыңдап, туындаған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Айнұр Бателова, ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты