Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды
Төтенше жағдайдың алдын алу маңызды
Кез келген мекемеде төтенше жағдайдың алдын алу маңызды. Себебі, адам өміріне қатер төндіретін, соңы орны толмас қазаға ұшырататын сәттердің жолын кесу – үлкен жауапкершілік. Бұл ретте облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің» өкілдері орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіне арнайы келген «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің» мамандары мекеме қызметкерлерін өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі нұсқаулықтарды таратып, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Бұдан бөлек, олар сотталғандар жататын арнайы бөлмелерді аралап, ондағы қауіпсіздік шараларына назар аударды. Өз кезегінде мекеме басшылығы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде жүйелі жұмыстар атқарылғанын әрі бұл басшылық тарапынан қатаң қадағалауға алынғанын жеткізді.