Жамбыл жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар форумы өтті

Тәуелсіздікке 30 жыл: Таразда «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар форумы өтті

Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумы өтті 2021 жылдың 14 қазанында Тараз қаласындағы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының акт залында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық жастар форумы өтті. Мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы жастардың патриоттық сезімін күшейту. Аталған іс-шараға Тәуелсіздік құрдастары, әртүрлі санаттағы жастардың белсенді өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары студенттер, жас кәсіпкерлер, ауыл жастары, волонтерлер қатысты.