
Өнерпаздардың шынайы орындауы көрермендердің көңілінен шығып, үлкен ықыласқа ие болды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар үшін ерекше рухани кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оларға А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының ұжымы «Тыңдашы» атты поэтикалық композициясын тарту етті.
Театр әртістері оқыған терең мазмұнды жырлар мен өмір жайлы толғамды туындылар сотталғандардың жан дүниесіне әсер етіп, оларды ойға қалдырды. Өнерпаздардың шынайы орындауы көрермендердің көңілінен шығып, үлкен ықыласқа ие болды.
Мұндай мәдени шаралар түзеу мекемелеріндегі азаматтардың рухани әлемін байытып, қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді.