жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде мерекелік іс-шара өтті

Түзеу мекемесінде мерекелік іс-шара өтті
Ашық дереккөз
Іс-шара барысында сотталғандар спорттық жарыстарға қатысты

2025 жылғы 25 қазан күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Мерекенің мақсаты – сотталған азаматтардың бойында отансүйгіштік қасиетті, ел тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру және оларды оң әлеуметтік бағытқа бейімдеу болып табылады.

 

Іс-шара барысында сотталғандар арасында спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, шахмат және мини-футболдан сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жеңімпаздарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

Сонымен қатар, сотталғандардың күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып, онда мерекеге арналған патриоттық әндер мен өлеңдер орындалды.

 

Мекеме әкімшілігі мұндай мәдени және спорттық іс-шаралар сотталғандардың моральдық-психологиялық жағдайын жақсартып, олардың оң жолға түсуіне ықпал ететінін атап өтті.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар