сәрсенбі, 2 қазан, 2024 11:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Түзеу мекемесінде психологиялық тренинг ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Түзеу мекемесінде психологиялық тренинг ұйымдастырылды
Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Бұл күні аталған департаменттің аға инспекторы, психолог, әділет капитаны Анна Дмитриенко әріптестеріне қиын да қауіпті жұмыстарында асқан жауапкершілік пен шыдамдылық қажет екенін айта отырып, баяндама жасап, тренинг жаттығуларын жүргізді. Жалпы, психологиялық тренингке №26 мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері түгелдей қатысты. Шара соңында мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев мұндай тренингтердің тәртіп сақшыларға берері мол екенін атап өтіп, А.Дмитриенкоға әріптестерінің атынан алғысын білдірді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар