Жамбыл жаңалықтар

Түзеудің негізгі кепілі – сотталғандарды жұмыспен қамту

Түзеудің негізгі кепілі – сотталғандарды жұмыспен қамту

Түзеудің негізгі кепілі – сотталғандарды жұмыспен қамту Қоғамда «сотталып келгендерді жұмысқа алмайды, олардың еңбекпен қамтылуы қиын» деген пікір қалыптасып бар екені жасырын емес. Десе де, бұл мәселеге біржақты баға беруге болмайды. Себебі, түзеу мекемесінде алған кәсіби білімдерін пайдаланып, бүгінде бостандыққа шыққаннан кейін жұмыс істеп жүргендер жеткілікті. Ал жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа тұрғызуда аймақтардағы жұмыспен қамту орталықтарының көмегі көп. Бұл орталықтармен түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Жалпы, қазіргі таңда түзеу мекемелеріндегі жұмыс орнын көбейтуге ерекше мән беріліп отыр. Соның нақты айғағы – сотталғандар күнделікті тұрмысқа қажетті орындарда еңбек етуде. Мәселен, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші 11 азамат «Азбука Успеха» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа орналасқан. Олар мұнда авкөлікті сырлап, кілемдерді жуумен айналысады. Осылайша, ҚАЖ департаментінің ықпалымен сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.