Талап сақталса– қауіп жоқ
Талап сақталса– қауіп жоқ
Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі негізінде жүргізген тексерулер кезінде азаматтарды жұмысқа қабылдау барысында еңбек шартын жасамай жұмысқа жіберу, жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімінің сақталмауы, мейрам күндері жұмыс істеген уақыттарына жалақының төленбеуі, жұмыскерлердің жұмыстан заңсыз босатылуы секілді бірқатар заңбұзушылықтар көптеп кездеседі. Ал мұндай заңбұзушылықтар орын алған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыны анық. Мысалға айтар болсақ, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сондай-ақ жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – отыз айлық есептік көрсеткіштен бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiшке (ары қарай АЕК) дейін айыппұл салу қарастырылғаны мәлім. Ал биыл АЕК 3063 теңге мөлшерiне тең келетінін ескерсек, ол аз сома болмайтыны анық. Еңбек заңнамаларының талаптарын сақтауға бәріміз міндеттіміз. Осы орайда облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек инспекторлары еңбек заңнамасына байланысты түсінік беруге әрқашан дайын екенін хабарлаймыз.