Таласта 10 отбасы баспанамен қамтылды
Таласта 10 отбасы баспанамен қамтылды
Ағымдағы жыл бүкіл әлем үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас жыл болды. Тәуелсіздіктің 30 жылында елдікті нығайту мен Тәуелсіздігімізді баянды ету бағытында алға қойған ауқымды жобалар іске асырылып, жетiстiктерге қол жеткiзілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасында баспана мәселесі ауданымызда оң шешімін табуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы 10 отбасыға Қаратау қаласы, Б.Момышұлы №11 үйден (құны 50 млн.) баспана кілттері табысталды. Баспана алушылардың арасында көпбалы отбасылар, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Баспана иелеріне кілт табыстау рәсіміне аудан әкімі Қанатбек Мәдібек пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев қатысты.