сенбі, 5 қазан, 2024 22:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразға әскери борышын өтеуге келген сарбаздар Ант қабылдады

Таразға әскери борышын өтеуге келген сарбаздар Ант қабылдады
ашық дереккөзі
Таразға әскери борышын өтеуге келген сарбаздар Ант қабылдады
Тараз қаласының Жеңіс саябағында 5513 әскери бөлімінің жас сарбаздары Ант қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Сарбаздардың Ант қабылдау шарасына олардың ата-аналары, жақындары жиналды. Сонымен қатар, шараға қатысқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі әскери бөлімге борышын өтеуге келген сарбаздарға абыройлы қызмет тіледі. Әкім Отан қорғаушы болу өте абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтті.
"Әскери ант – жауынгердің Отанына, халқына, қызметі мен өзінің әскери борышына деген адалдығын растайтын серт. Отан қорғаушы болу – өте абыройлы әрі жауапты іс. Сондықтан, әрбір әскери білім мен дағдыны табандылықпен меңгеру қажет. Ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Ұлттық Ұлан әскерінің басты борышы», - деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, Ант қабылдау шарасына жиналғандар Кеңес Одағының батыры, әскери  қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішне гүл шоқтары қойып, рухына тағзым етті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар