Жамбыл жаңалықтар

Таразға әскери борышын өтеуге келген сарбаздар Ант қабылдады

Таразға әскери борышын өтеуге келген сарбаздар Ант қабылдады

Тараз қаласының Жеңіс саябағында 5513 әскери бөлімінің жас сарбаздары Ант қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Сарбаздардың Ант қабылдау шарасына олардың ата-аналары, жақындары жиналды. Сонымен қатар, шараға қатысқан Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі әскери бөлімге борышын өтеуге келген сарбаздарға абыройлы қызмет тіледі. Әкім Отан қорғаушы болу өте абыройлы әрі жауапты міндет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ант қабылдау шарасына жиналғандар Кеңес Одағының батыры, әскери  қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішне гүл шоқтары қойып, рухына тағзым етті.