Жамбыл жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне Гулназ Сматилдаева тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Сматилдаева Гулназ Есенгалиевна 1987 жылы 17 қаңтар Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «филология», 2010 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» және 2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлкеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып астаған. 2009 — 2013 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы; 2013 – 2019 жылдары аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған; 2019 – 2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары; 2023 жылғы 22 ақпанынан бастап Тараз қаласы әкімінің №-61ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды.