Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тараз қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Тараз қаласы әкімінің 2022 жылғы 27 мамырдағы өкімімен Исмаил Қайрат Абилханұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол 1978 жылы 8 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында туылған. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Қарағанды заң институты «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: Еңбек жолын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды Заң институтының тыңдаушысы болып бастаған. 2000 – 2001 жылдары Жамбыл облыстық Ішкі Істер басқармасының тергеушісі, аға тергеушісі; 2001 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жедел уәкіл, аға жедел уәкіл, бөлім бастығы; 2010 – 2013 жылдары «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына қарасты «КСС»Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас менеджері; 2013 – 2014 жылдары Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің басшысы; 2014 – 2016 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімшесінің басшысы; 2016 – 2017 жылдары Диқан ауылдық округінің әкімі; 2017 – 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің облыс әкімінің бас инспекторы; 2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімі облыс әкімінің бас инспекторы; 2018 – 2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы – экономикалық бөлімінің басшысы; 2019 – 2022 жылдары Байзақ ауданы әкімінің орынбасары; 2022 жылғы 27 мамырынан бастап Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.