Тараз қаласының жаңа прокуроры лауазымына Марат Естаев тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 1984 жылғы 21 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурмановка ауылында дүниеге келген.
2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылғы қазан айында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматыжер» мемлекеттік кәсіпорнының бөлімінде бастаған.
2008 жылғы қаңтардан 2010 жылғы ақпанға дейін «Мойынқұм Сервис» ЖШС-де экономика жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған.
2010 жылғы ақпан айында облыс прокуратурасы органдарындағы еңбек жолын бастап, Шу ауданаралық прокуратурасына іс жүргізуші лауазымына қабылданған.
2010 жылғы желтоқсаннан бастап Қордай ауданы прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарған.
2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы наурызға дейін Шу ауданаралық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметтерін атқарған.
2013 жылғы наурыздан бастап облыс прокуратурасының түрлі бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2016 жылғы тамыздан 2022 жылғы қазанға дейін Шу ауданаралық прокурорының және Байзақ ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылғы қазан айынан бастап 2026 жылдың сәуір айына дейін Жамбыл ауданының прокуроры лауазымынын атқарған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.






