Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласында "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 5 сәуір, 2022
- 481
Тараз қаласында "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Тараз қаласында ( Мәмбет батыр көшесі)_ "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оны кесіп өту, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауда тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады.
Түрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа адамдардың және арнайы техниканың едәуір саны тартылады.
Осыған байланысты шектеу шаралары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген көшеде де автокөлік қозғалысы бойынша қарастырылған.
Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында су тасқыны қаупі жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






