Тараз қаласында "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді
Тараз қаласында "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығулары өтеді
Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы Тараз қаласында ( Мәмбет батыр көшесі)_ "Байтал-Антитеррор-2022" антитеррористік оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оны кесіп өту, сондай-ақ оның салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауда тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады. Түрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа адамдардың және арнайы техниканың едәуір саны тартылады. Осыған байланысты шектеу шаралары, оның ішінде жоғарыда көрсетілген көшеде де автокөлік қозғалысы бойынша қарастырылған. Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.