дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 21:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласында мұздақтардың қауіптілігі туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Тараз қаласында мұздақтардың қауіптілігі туралы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қыс мезгілінде Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары ғимараттардың шатырларынан құлайтын мұздақтардың салдарынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандардың айтуынша, карниздер мен шатырларда жиналған мұздақтар адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе балалар үшін бұл аса қауіпті. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға мұздақтар ілініп тұрған ғимараттардың маңында жүрмеу, орнатылған ескерту белгілеріне мұқият назар аудару және балалардың көшедегі жүріс-тұрысын қадағалау қажеттігін түсіндіруде.

Профилактикалық іс-шаралар барысында балалармен қыс-көктем мезгіліндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, сондай-ақ үйлердің шатырлары мен карниздерінің астында ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ қар мен мұздың еру кезеңінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Төтенше жағдайлар қызметі Тараз қаласының тұрғындарын сақ болуға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және өз өмірі мен жақындарының амандығына бейжай қарамауға шақырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар