Жамбыл жаңалықтар

Тараз қаласында терроризме қарсы оқу-жаттығу  өтіп жатыр

Бұл туралы терроризмге қарсы күрес бойынша Жамбыл облыстық жедел штабы хабарлады

Биыл  29 сәуірде Тараз қаласының аумағында  Жамбыл облыстық жедел штабымен терроризмге қарсы «Тараз-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористтік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты полиция департаменті тұрғындардан оқу-жаттығу  іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының  уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауды сұрайды.