Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
«Март-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуына байланысты қалада көлік пен адам қозғалысына шектеу қойылады
Бүгін, 10 маусым күні Тараз қаласының аумағында Жамбыл облысының жедел штабы терроризмге қарсы «Март-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуын өткізеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасалып, оқу іс-шараларына байланысты автокөлік пен халық қозғалысының шектеулеріне түсіністік таныту сұралып отыр.