Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 мамыр, 2025
- 164

Тараз қаласында өткен «Қалқан-Антитеррор-2025» оқу-жаттығу жұмыстары аяқталды
Бүгін Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен Тараз қаласының аумағында жоспарлы түрде өткізілген «Қалқан-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығу аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Оқу-жаттығулар штаттық режимде өтті, қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Шартты терроризмге қарсы операцияның мақсаттарына қол жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық шектеу шаралары алынып тасталды, жол қозғалысы толығымен қалпына ккелтірілді. Тұрғындарға сабырлық танытып, жәрдем көрсеткені және уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз", - делінген ресми органдардың таратқан хабарламасында.