Тараз қаласының білім бөліміне жаңа басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қазан, 2025
- 774
2025 жылғы 24 қазаннан бастап Алтынбаева Айгерим Ахановна Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Айгерим Ахановна Алтынбаева 1986 жылдың 4 ақпанында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат ауылында дүниеге келген. 2005–2009 жылдары «Аулие Ата» университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №30 орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2007 жылы Тараз қаласындағы №53 орта мектебінде психолог қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап Меркі ауданының №5 Ақарал орта мектебінде психолог әрі әлеуметтік педагог болып еңбек етті. Кейін осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін жалғастырды.
2017 жылы Меркі ауданының №1 орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалды. Ал 2020 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін Меркі аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.






