Тараз қаласының мәдениетін дамытуға арналған тұжырымдаманың жобасы дайын болды
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2024
- 838
Бақытжан Орынбеков мәлім еткендей, Тараз қаласының өзіндік мәдениетін қалыптастырудың «Тараз – мәдениет мекені» атты 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Қала әкімдігінің медиа орталығында өткен жиында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Смәтілдаева аталған тұжырымдаманың жобасын таныстырды.
«Бұл дайындалған тұжырымдама әлеуметтік зерттеу жұмыстарының Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік қызметіне, қалалық әкімдік пен мәслихатқа түскен өтініштердің негізінде қалыптастырылды. Әлеуметтік сауалнамаға Тараз қаласынан 2 820 респондент қамтылды. Респонденттерге қаланың қалыптасқан жағдайын анықтау, кемшіліктері мен артықшылықтарын саралау және дамытуға бағытталған сауалдар қойылды, – дейді ол.
Белгілі болғандай, тұжырымдаманың бірінші бағыты – «Тараз – таза қала» деп аталады. Қоршаған ортаны таза ұстау қала тұрғындарының экологиялық мәдениетінің маңызды аспектілерінің бірі. Бұл шаралар қаланы таза және жақсы күтімді етіп, сонымен қатар қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату кезінде ресурстарды үнемдейді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз