Тараз қаласының мәдениетін дамытуға арналған тұжырымдаманың жобасы дайын болды
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, қаланы дамытудың үш жылдық картасы бойынша атқарылған жұмыстарды баянды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бақытжан Орынбеков мәлім еткендей, Тараз қаласының өзіндік мәдениетін қалыптастырудың «Тараз – мәдениет мекені» атты 2024-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Қала әкімдігінің медиа орталығында өткен жиында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлназ Смәтілдаева аталған тұжырымдаманың жобасын таныстырды.
Белгілі болғандай, тұжырымдаманың бірінші бағыты – «Тараз – таза қала» деп аталады. Қоршаған ортаны таза ұстау қала тұрғындарының экологиялық мәдениетінің маңызды аспектілерінің бірі. Бұл шаралар қаланы таза және жақсы күтімді етіп, сонымен қатар қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату кезінде ресурстарды үнемдейді.