жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 16 кәсіпкердің банк шоттарын негізсіз тоқтатқан

Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 16 кәсіпкердің банк шоттарын негізсіз тоқтатқан
ашық дереккөзі
Тараз қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы 16 кәсіпкердің банк шоттарын негізсіз тоқтатқан
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет салықтық әкімшілендіру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары шектелгенін анықтады. Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 16 кәсіпкердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бұйрық шығарғаны анықталды. Алайда мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Салық кодексінде берлгіленген мерзімдерді сақтамаған. Салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын 30 жұмыс күні өткенге дейін тоқтата тұру туралы өкімдер шығарып, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын шектеген. Талдау нәтижелері бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп тиісті ұсыныстар енгізу нәтижесінде бұйрықтардың күші жойылып, тәжірибе тоқтатылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар