сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тараз-Арена» спорт кешеніне Ж. Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

«Тараз-Арена» спорт кешеніне Ж. Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды
ашық дереккөзі
«Тараз-Арена» спорт кешеніне Ж. Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтіп, бірқатар мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы бойынша облыс әкімдігі экономика және бюджеттің жобалау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Баяндамашы бюджетті нақтылау барысында басымдық берілген салаларға жеке-жеке тоқтала келе, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға да айрықша көңіл бөлініп отырғанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар сессия барысында баяндама жасаған облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова «Тараз-Арена» спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы жобаны ұсынды.

Облыстық мәслихат депутаттары ұтымды ұсынысқа қолдау білдіріп, дұрыс шешім екендігін жеткізді. Ал облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық қалаулыларына ҚР Сенаты депутатын сайлау науқанына белсене қатысып, қолдау білдіргендері және Жақсылық Үшкемпіровтің есімін спорт кешеніне беру туралы ұсынысты қолдағандары үшін алғысын айтты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар