Тараз автопарктері жаңа автобустармен толығады
Тараз автопарктері жаңа автобустармен толығады
Таразға биыл тағы жаңа автобустар келеді. «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС өз балансына 10 бірлік және жыл соңына дейін қосымша 10 бірлік үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу үшін тиісті жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар «СапарТранс-2012» ЖШС қыркүйек айына дейін 15 бірлік үлкен сыйымдылықты автобус сатып алуды жоспарлап, бүгінде шығарушы заводтармен келісім жүргізуде. Сондай-ақ,тұрғындардың ұсынысы бойынша Шөлдала, Құмшағал саяжай тұрғындарын қаламен жалғайтын №54 автобус іске қосылды. Ал, Тастақ, Шалғай Қарасу, Шаңырақ, алқаптары мен Темір жолдың арғы аумағына қосымша бағыттар жүргізу бойынша конкурс өткізілуде. Тараз қаласында жалпы саны 8 бағытта 330 қоғамдық көлік қатынайды. Қала әкімі осы сәуірден қалмай барлық автобустарға штаттық режимге толық көшу қажеттігін ескерді. Әсіресе, 15-ықшам ауданға қатынайтын №28 автобусты және №57 автоубыстың аралығын жиілету қажет. Сонымен қатар кешкі аусымда жүргізілетін №3 қоғамдық көлікті де іске қосуды тапсырды.