Тараз хирургтары тіс шұқығышты етпен бірге жұтып қойған азаматты аман алып қалды
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2023
- 279
Тараз хирургтары тіс шұқығышты етпен бірге жұтып қойған азаматты аман алып қалды, деп хабарлайды Жамбыл инфо jambylmedia.kz хабар агенттігіне сілтеме жасап. Қалалық көпбейінді ауруханасына 54 жастағы азамат іші қатты түйіліп ауырып, мазасызданған соң қайырылған.
Айтуынша, 4 күннен бері қатты шаншып, ішкі ағзасы сыр берсе де, дәрігер көмегіне жүгінбей, үйде жата берген. Ақыры қатты ауырсыну шабуылы басталған соң, жедел жәрдем көмегіне сүйеніп, ауруханаға жеткізіледі.
Онда хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, тәжірибелі де білікті лапароскопия маманы Ғабиден Рақымжановтың бастамасымен дәрігер-хирургтар Бекташ Дурсунов пен Әлімбек Бекнұрдың жедел медициналық шаралар ұйымдастыруы мен тез әрекеті арқасында компьютерлік томографияға түсіріліп, іш қуысында тіс шұқығыштың қадалып тұрғаны көрінеді.
Тез арада “Бөгде затты алу” әдісі бойынша лапароскопиялық ота жасалып, ұзындығы 4 см, диаметрі 2 мм болатын ағаштан жасалған ұзын жіңішке таяқша сол қалпында алынады. Сәтті жасалған отадан соң өз-өзіне келіп, есін жинаған пациент бірнеше күн бұрын еттен жасалған қазы жегенін айтады. Асығып жеп отырып, етпен бірге өңешке өтіп кеткенін байқамаған болуы керек. Қыс – соғым айы болғандықтан, дәрігерлер ет жегенде аса сақ болуды ескертеді. Сондай-ақ, қандай жағдайда болсын дәрігерге көрінуді ұмытпаған жөн.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Avast Firewall Assessment
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024