сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 5:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз көшелерін жарықтандыру жалғасып жатыр

Тараз көшелерін жарықтандыру жалғасып жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Биыл қалада 76 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ықшам аудандарды жарықтаныдру мәселесіне ерекше назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеген еді. Аймақ басшының тапсырмасына сәйкес қаладағы бірқатар ықшам аудандарға жарық тартылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы қаладағы 83 көшеге түнгі жарық шам орнатылса, 2024 жылы 76 көшені жарықтандыру жоспарланған.

«Биыл аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қалалық бюджет есебінен Тараз қаласындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7,  9, 10, 11 ықшамаудандар мен «Қарасу» алқабындағы аулалар мен кіре беріс жолдарын жарықтандыру қолға алынды. Аталған жұмыстар 5 лотқа бөлініп, жалпы мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Инвест Капитал Строи» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Бүгінгі таңда 10 ықшамаудан мен «Қарасу» алқабындағы 353 көпқабатты үйлердің ауласы (1847 подъезд), 79 кіре беріс жолдарына жалпы саны 2 342 дана көше шамы мен 270 дана 6 метрлік темір бағана қойылды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ықшам аудандардағы түнгі жарық шамдарына тұтынылған электр энергиясының  құнына жұмсалатын қаржы қалалық бюджеттен қарастырылған.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар