Тараз көшелерін жарықтандыру жалғасып жатыр
Биыл қалада 76 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ықшам аудандарды жарықтаныдру мәселесіне ерекше назар аударып, тиісті тапсырмалар жүктеген еді. Аймақ басшының тапсырмасына сәйкес қаладағы бірқатар ықшам аудандарға жарық тартылған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы қаладағы 83 көшеге түнгі жарық шам орнатылса, 2024 жылы 76 көшені жарықтандыру жоспарланған.
Айта кетейік, ықшам аудандардағы түнгі жарық шамдарына тұтынылған электр энергиясының құнына жұмсалатын қаржы қалалық бюджеттен қарастырылған.