Тараз маңындағы құмды аймақтан тағы бір әуе бомбасы табылды
Тараз маңындағы құмды аймақтан тағы бір әуе бомбасы табылды
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 ақпан күні Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аумақта, бұрынғы әскери полигон аумағында снаряд жатқанын жеткізген. «Снаряд анықталған жерге тез арада полиция департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Снаряд «ОФАБ-100» моделінің жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды», - деп түсіндірді ведомстводан