Жамбыл жаңалықтар

Тараз Мемлекеттік рәміздер күнін қалай тойлады (Фоторепортаж)

Форумда жамбылдық өнерпаздар патриоттық әндер шырқады

Атаулы күнге орай Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форум өтті, хабарлайды jambylinfo.kz.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қоғам қайраткерлері, облыс және мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және жастар қатысты.

Форум барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстың патриот азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар, Форумда Жамбыл облысының өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.