Жамбыл жаңалықтар

«Тараз – Шымкент» тас жолының учаскесінде жөндеу жұмысы 75 пайызға аяқталды

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді

Күйік асуының 546–557 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба аясында жаңа апаттық тұйық пен жол-пайдалану пунктінің құрылысы да қарастырылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Автожолға қатысты ақпарат

• Ұзындығы — 12,3 шақырым

• Іске асыру мерзімі — 2025-2026 жж.

• Жоба құны — 6,9 млрд теңге

 

Бүгінгі күнге атқарылған жұмыстар:

• 62 мың м³-тан астам жер төсемі төселді

• Жол жабынының негізгі қабаттары толық аяқталды

• 9 км айналма жол салынды

• 15 су өткізгіш құбыр орнатылды

• Апаттық тұйықтың дайындығы — 36%

 

Қазіргі таңда нысанда:

• 43 техника

• 79 маман жұмыс істеуде

 

Биылғы жылдың жоспары:

• Жабынның жоғарғы қабатын (ЩМА) төсеу

• Апаттық тұйықты аяқтау

• Жол-пайдалану пунктін салу

• Жолды абаттандыру

 

Жол жөндеу жұмысы биыл толық аяқталады.