сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз студенттері үшін кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды

Тараз студенттері үшін кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Тараз студенттері үшін кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды
Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттер үшін кинологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды. Бұл орталықта қызметтік иттер есірткі, жарылғыш заттар мен қару-жарақ іздеу, із кесу, одорология сияқты кинологиялық қызметтің бағыттары бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Студенттерге қылмыскерлерді ұстау кезінде қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы туралы айтылды және төрт аяқты тәртіп сақшыларының командаларды қалай орындайтынын, жасырын заттарды қалай іздейтінін көрсетті. "Бава" атты қызметтік ит "Лоя" атты қызметтік итпен бірге есірткі іздеу дағдыларын көрсетті. Кинологиялық орталықта студенттер иттермен ғана емес, сонымен қатар оларды үйретушілермен, кинолог-нұсқаушыларымен де танысты. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері " Есірткіге жол жоқ де!» тақырыбында дәріс өтті. - Мұндай кездесулердің мақсаты-студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, - деді Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар