сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 7:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз тұрғыны әріптесінің телефонынан өзіне 330 мың теңге аударып алған

Тараз тұрғыны әріптесінің телефонынан өзіне 330 мың теңге аударып алған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Оқиға полиция назарына ілікті

Таразда әріптесі біреуге хабарласып алайын деп әріптесінің телефонын сұрап алған: алайда, жымысқы ойын іске асырып, оның шотынан өзіне 330 мың теңге аударып алған, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қалалық Полиция басқармасының екінші полиция бөліміне әйел азаматша жүгініп, әріптесі қоңырау шалу үшін телефонын алдап сұрап алып, оның қаражатын өз шотына аударып алғанын айтып шағымданған. Әйел телефонын қайтарып алған соң біршама уақыттан кейін сатып алу ақысын төлеу үшін банктің қосымшасына кіргенде жеке шотындағы 330 000 теңге жоғалғанын байқаған. Әріптес азаматтың ақшаны өз атына аударғаны белгілі болды», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Ұрлық дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті анықталған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар