Тараз тұрғыны әріптесінің телефонынан өзіне 330 мың теңге аударып алған
Оқиға полиция назарына ілікті
Таразда әріптесі біреуге хабарласып алайын деп әріптесінің телефонын сұрап алған: алайда, жымысқы ойын іске асырып, оның шотынан өзіне 330 мың теңге аударып алған, - деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ұрлық дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті анықталған.