сенбі, 23 қараша, 2024 15:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз тұрғыны үйінен музей ашты

Тараз тұрғыны үйінен музей ашты
ашық дереккөзі
Тараз тұрғыны үйінен музей ашты
Ол 5 мыңдай құнды жәдігерді отбасымен бірге жинаған. Музейді аралап жүріп Кеңес кезеңіне саяхаттап, ата-әжелеріміздің тұрмыс тіршілігімен танысуға болады. Соғыс жылдарындағы экспонаттар да бар. Музыкалық аспаптар, телефон, фотоаппарат, ыдыс, тіпті ойыншықтарға дейін бар. Михаила Платовтың үйіндегі мұражайдан кеңес кезеңіндегі адамдардың тұтынған барлық заттарын көруге болады. Тіпті сол жылдары сәнге айналған иіссуларға дейін сақталған. Михаил Платов, қала тұрғыны: – Көне заттарды сақтау арқылы біз өткен тарихқа бойлаймыз. Сол кезеңдердің құндылықтарын еске түсіреміз. Өткен мен бүгінді салыстыруға ықпал етеміз. Мұражай иесі кейбір жәдігерлерді сатып алса, енді бірін қоқыстан тауып алған. Арасында сыйға алғандары да бар. Светлана Платова, қала тұрғыны: – Мұның барлығы кішкене ғана қасық пен шанышқыдан басталған. Содан түрлі көне заттарды қоқысқа тастамай, жинай бердік. Сосын туыстарымыз бен таныстарымыз көмектесе бастады. Мұражайды аралау тегін. Әсіресе жұртшылық соғыс уақытында қолданылған заттарды ерекше қызығушылықпен таашалайды екен. Михаил үшін ең құндысы – мына солдаттың күнделігі. Бұл шағын бөлмеге сыйған құнды жәдігерлердің бір бөлігі ғана екен. Михаил алдағы уақытта мұражай аумағын кеңейтуды жоспарлап отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар