Жамбыл жаңалықтар

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ “ТАРМАҚТАРДЫҢ” ПОЭЗИЯ ТҮНІ ӨТТІ

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ “ТАРМАҚТАРДЫҢ” ПОЭЗИЯ ТҮНІ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы Түркістан облысының құрылуына 5 жыл толуына орай «Бес жылдыққа - бес әдеби сапар» рухани мәдени іс-шара жоспарлаған. Мақсат - Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласында болып жатқан жаңалықтармен бөлісу, өңір тарихымен өзге облыс тұрғындарын жете таныстыру, өңірде жүзеге асырылып отырған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында кітап қорын толықтыру. Түркістан облысының кітапханашылары көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстары мен республикалық маңызы бар ірі үш мегаполис - Астана, Алматы, Шымкент қалаларына баруды жоспарлаған. Алғашқы сапар Жамбыл облысынан бастау алып, Түркістан өңірінің зиялы қауым өкілдері, белгілі ақын-жазушылар, ардагерлер мен БАҚ өкілдері, кітапханашылары сәуірдің 20-21 күндері ежелгі Тараз қаласына келіп, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені  аймағындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің фойесі мен Көрме залында өздерінің іс-шараларын Жамбыл жұртшылығына ұсынады. Түркістан кітапханашыларының алғашқы іс-шарасы 20 сәуір күні кешкі сағат 1800-1900 аралығында Тараз қаласы, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аймағындағы облыстық тарихи этно-мәдени кешеніндегі «Тармақтар» жобасы аясында аталмыш жобаның жетекшісі – ақын, Түркістан телеарнасындағы «Өзгеріс» бағдарламасының жүргізушісі Рысгүл Досжанова мен оның жары, Түркістан қаласының белсенді, танымал жас ақыны Еламан Төлеубайдың қатысуымен көркем сөзден, өлеңнен, әдебиеттен нәр алатын өнерсүйер қауымды бір арнаға тоғыстыратын «Поэзия түні» форматында өтеді. Іс-шараға жергілікті жас ақындар атсалысады. 21 сәуір күні сағат 1000-ден бастап Тараз қаласы, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аймағындағы Көрме залында Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары  түркістандықтардың өлкетану инсталяциялық «Тарихыңды таны,  тұлғаңды құрметте» көрмесімен танысады. Көрме залдың сахна төрінде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістері Түркістан облысынан келген қонақтарға «Таразым, қандай тамаша!» концерттік бағдарламасын ұсынады. Ал алғашқы болып түркістандық қонақтарды көрме залының фойесінде Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің домбрашылар оркестрі қарсы алады. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы жарқын Жамбыл облысы» тақырыбындағы кітап инсталляциясымен де қонақтар танысу мүмкіндігіне ие болады. Қонақтарға Жамбыл облысының атынан ақыны  өз Арнауын арнап, іс-шараның шымылдығын Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы мен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы құттықтау сөздерімен ашады. Әрі қарай Түркістаннан келген Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан композиторлар мен  Журналистер одақтарының мүшесі. ғалым, журналист. Филология ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Бекжігіт Сердәлі және Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, аудармашы Абай Қалшабекпен кездесу кеші өтті. Модератор - Қазақстан Жазушылар Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым. Сонымен қатар, Түркістан облысында жолға қойылған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында Жамбыл өңірінің кітапханашылары Түркістан облысының ауылдық кітапханаларының кітап қорларына 1000 мың дана кітап сыйлайды. Түскі үзілістен кейін қонақтар Қарахан мен Айша бибі кесенелеріне саяхат жасап, елдеріне қайтады.