Таразда 13 шілде күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Қала тазалығы – баршаға ортақ игілік
13 шілде күні Таразда жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған облыс орталығындағы мекеме, ұйым, кәсіпорын қызметкерлері шақырылған, Jambylinfo.kz.
Тазалық — өркениетті елдің өлшемі. Қала ажары тазалыққа тікелей байланысты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әр мекеме өзіне тиісті аумақты қоқыстан тазалайды.