бейсенбі, 19 ақпан, 2026 14:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 13 жастағы қыздың ұрлануына жол бермеген ер адам марапатталды

Таразда 13 жастағы қыздың ұрлануына жол бермеген ер адам марапатталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нуркен Умаровты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол 13 жастағы қызды ұрлауға оқталу дерегінің алдын алған.

Еске салсақ, бұған дейін облыс орталығында екі белгісіз адам автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болған.

Жағдайға бейжай қарамаған азаматтың дер кезінде араласуының арқасында олар қызды ұрлай алмады. Күдіктілер жедел түрде анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жамбыл облысы ПД бастығы азаматқа ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді. 

Марапаттау рәсімі барысында Қайсар Сұлтанбаев Нуркен Умаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.

— Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алудан көрінеді. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес, — деп атап өтті ПД бастығы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар