жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 18 887 адам үй кезегінде тұр

Таразда 18 887 адам үй кезегінде  тұр
ашық дереккөзі
Таразда 18 887 адам үй кезегінде тұр

Биыл Таразда «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша  3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Жоспар бойынша аталған үйлердің 47-сі жыл соңына дейін толық пайдалануға берілуі қажет. Қалған 7 үйдің кілті 2021 жылы табысталады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында баяндады.

Ал алдағы уақытта 15-ші мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстары  толықтай аяқталатын болса, онда 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үй болады. Қазір онда 35 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған.  Сонымен қатар, 2019 жылдан өтпелі 16 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, 10 арендалық және 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.

– Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе ағымды жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады. Жалпы алғанда 2435 пәтер пайдалануға беріледі.

Бүгінде Тараз қаласында 18 887 адам үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін 765 әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі, – дейді қала әкімі.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар