Тараздық 240 мүмкіндігі шектеулі жанға мемлекеттің көмегі берілмегені анықталды
Кінәлілер жауапқа тартылды
Таразда мүгедектігі бар 240 адамға санаторий-курорттық емдеумен және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілмегені анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегіне сүйенсек, ағымдағы жылы жұмыссыздық бойынша есепте мүгедектігі бар 86 адам тұрғандығына қарамастан, тек 15 жұмыс орнына квота белгіленген. Сонымен қатар салық органдарымен мүмкіндігі шектеулі салық төлемдерінен босатылған 175 азаматтан жалпы сомасы 889 мың теңге құрайтын мүліктік салықтар негізсіз ұсталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың инфрақұрылым және көлік объектілеріне қол жеткізуіне байланысты бірқатар басқа да кемшіліктер анықталған.