сейсенбі, 10 наурыз, 2026 18:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда 318 оқушыны лицензиясыз оқытқан лицей жауапқа тартылды

Таразда 318 оқушыны лицензиясыз оқытқан лицей жауапқа тартылды
bsh.kz
Қаулы заңды күшіне енді.

Таразда лицейге лицензиясыз білім бергені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу фактісі бойынша дарынды балаларға арналған лицейге қатысты әкімшілік істі қарады.

Соттың мәліметінше, білім беру ұйымы Тараз қаласының шағын аудандарының біріндегі жаңа ғимаратқа көшкен. Алайда жаңа мекенжай бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензия немесе лицензияға қосымша алмаған. Соған қарамастан, бұл ғимаратта 2025 жылдың қараша айынан бастап оқу процесі басталған.

Тексеру барысында лицензияға қажетті қосымшасыз 7–11 сыныптар арасында 318 оқушының (барлығы 16 сынып) білім алып жатқаны анықталған.

Сот отырысында лицей директоры әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады және өз кінәсін мойындады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сот жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Сот қаулысымен білім беру мекемесі ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде, яғни 108 125 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар