Жамбыл жаңалықтар

Таразда 5 кәсіпкердің қоймасы өртенді

Бүгін сағат 08.56-да Тараз қ, Мәмбет батыр к-сі № 3, "Омар ата" базарының аумағында қойма ғимаратында өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алдын ала болжам бойынша төтеншеліктер таратқан мәліметте жалын шарпыған аумақ 700 шаршы метр делінген, бірақ жағдай толық анықталғасын 350 шаршы метр деген тоқтамға келді.
Өрт тұтанған аумақта 5 кәсіпкердің қоймасы орналасқан. ТЖД хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. 
Оқиғасы орнында 40 ТЖД қызметкерлері жұмыс атқаруда және 12 арнайы бірлік техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен психологтар жұмыс атқаруда.