Таразда 50 адамға арналған той таратылды
Кезекті рейдтік іс-шаралар барысында Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері және төрт мобильді топ «Grand Royal» мейрамханасында 50 адамға арналған отбасылық салтанатты кештің өткізілу дерегін анықтады.
Елордада карантин талаптарын бұзған 6 мекеме жауапқа тартылды Карантин: Шымкентте 150 адам жиналған той таратылды СҚО-да санитариялық талаптарды бұзғандарға 40 млн теңгенің айыппұлы салынды «Қызыл» статуспен карантин талаптарын бұзған адамдардың аты-жөні БАҚ-қа жарияланады Тойды ұйымдастырушыға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жиналып, бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қадағалау орнына жіберілді. «Жалпы жыл басынан бері түрлі меншік нысанындағы рейдтік тексерулермен нысандарда 663 бұзушылық анықталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ҚР ӘҚБтК -нің 425-бабы бойынша жалпы сомасы 69 907 847 теңге көлмінде ойын-сауық мекемелері мен өзге де меншік нысандарының 312 иесін жауапкершілікке тартты», - деп мәлімдеді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала